​Прокурорлар ұрланған 140 млн теңгені Швейцариядан елге қайтарды

0
964

Осылайша, ұрланған активтерді қайтару бойынша жасалған жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік бюджетке түскен қаражаттың жалпы сомасы - 420 млн теңге.


​Прокурорлар ұрланған 140 млн теңгені Швейцариядан елге қайтарды

ERNUR.KZ. 2019 жылы 15 қаңтарда Швейцарияның Федералды қылмыстық соты Қазақстан Бас прокуратурасының өтінішхатын қанағаттандырып, «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері заңсыз жолмен алған және кейіннен елден әкеткен 140 млн теңгені қайтару туралы шешім қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталған қаржы топтың белсенді мүшелерінің бірі, 2012 жылдан бастап осы іске қатысы бар деген күдікпен халықаралық іздеуде болған Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі.

«Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Швейцариядан Ұлттық банктің шотына түскен ақша жақын арада мемлекет кірісіне алынады. Бұған дейін 2018 жылғы сәуірде прокуратура органдарының осы іс шеңберіндегі өтінішхаты бойынша мемлекет пайдасына М.Әбдіралиевтің 762 мың АҚШ доллары мен 915 мың теңге қылмыстық табысы тәркіленгенін атап өткен жөн» делінген хабарламада.

Осылайша, ұрланған активтерді қайтару бойынша жасалған жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік бюджетке түскен қаражаттың жалпы сомасы - 420 млн теңге.

Қазақстанның Бас прокуратурасы шетелдік әріптестерімен бірлесіп, қылмыстық табыстарды шетелден қайтаруға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.