ПТР анықтамасы болмаған екі шетелдік Қазақстаннан депортацияланды

0
566

Нұр-Сұлтанға оралған 123 жолаушы стационарға жатқызылған болатын.


ПТР анықтамасы болмаған екі шетелдік Қазақстаннан депортацияланды

ERNUR.KZ. Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов екі шетелдіктің ПТР анықтамасы болмағандықтан Қазақстаннан депортацияланғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Ағымдағы жылдың 7 қазанында Минск - Нұр-Сұлтан әуе рейсімен келген екі шетелдік азамат депортацияланды. Түркия азаматында ПТР-талдау туралы анықтама 1 қазанда, ал Беларусь азаматында - экспресс-тесттен өткені туралы ғана анықтама болды", - деді Байғабылов.

Еске салайық, мұның алдында Нұр-Сұлтанға оралған 123 жолаушының стационарға жатқызылғаны хабарланған еді.