Өткен тәулікте елімізге шетелден 1606 жолаушы ұшып келген.
26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Үндістан, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 606 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 336 адам, анықтамасыз 270 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 795 жолаушы, анықтамамен – 706, анықтамасыз - 89;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 416 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 70;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 238 жолаушы, анықтамамен - 135; анықтамасыз - 103;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 142 жолаушы анықтамамен келді;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 15 жолаушы, анықтамамен – 7; анықтамасыз – 8 адам келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
25 желтоқсанда анықтамасыз келген 206 қазақстандықтың ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Анталия – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.