Путин мен Украинадағы соғысты қолдаған депутат мәжілістегі өкілеттігінен айырылды

0
372

Бұған дейін "Ақ жол" партиясы Әбілдаевты партия құрамынан шығарып тастаған еді.


Путин мен Украинадағы соғысты қолдаған депутат мәжілістегі өкілеттігінен айырылды

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы өз сұхбатында Владимир Путин мен Украинадағы соғысты қолдайтынын айтқан Азамат Әбілдаевты мәжіліс депутаты өкілетінін айырды, деп жазады stan.kz.

Бұған дейін "Ақ жол" партиясы Әбілдаевты партия құрамынан шығарып тастаған еді.

"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі Ұлттық Кеңесінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №1 қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Рахатұлы Әбілдаевтың өкілеттіктерінің күші жойылды деп танылсын", – делінген ОСК хабарламасында.

Еске салайық, Азамат Әбілдаев Азаттық радиосына берген сұхбатында былтыр Украинаға басып кіріп, көрші елді ойрандап, бейбіт тұрғындарды қырып жатқан Ресейді қолдайтынын мойындаған.

"Мен Ресей президентін қолдаймын. Бұл арнайы операция деп есептеймін. Осы жазға дейін Зеленскийді өз халқы ұстап, сотқа береді. Соғыстан қашып құтылуға болмайды. Мен Украинадағы арнайы операцияны қолдаймын", – деді Әбілдаев.