QARMET компаниясының басшылығы көмір өндіретін комбинаттарды аралады

0
689

Акционер бастаған топ "Шахтинская" тау-кен учаскесіне барып, шахта астын өз көздерімен көрді.


QARMET компаниясының басшылығы көмір өндіретін комбинаттарды аралады

ERNUR.KZ. Өткен демалыс күндері QARMET компаниясының басшылығы көмір өндіретін активтер мен комбинат жұмысының қазіргі жағдайымен танысуды бастады, деп жазады stan.kz.

Акционер бастаған топ "Шахтинская" тау-кен учаскесіне барып, шахта астын өз көздерімен көрді.

Сондай-ақ "Казахстанская" шахтасының инженерлік-техникалық қызметкерлерімен еңбек қауіпсіздігі және көмір өндіру нысанын өндіріске шығару мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Акционер комбинаттағы металлургтер қызметінің қазіргі жай-күйін, өндірістегі проблемалармен танысып қана қоймай, оларды шешу жолдарын қарастырды.

"QARMET нысандарын тексеру жұмыстары жалғасуда. Жалпы ұйымдық міндеттермен бірге көптеген жылдар бойы есерілмей келген. Техникалық қамтамасыз ету желісі бойынша жергілікті жерлерде сұрақтар бар екенін атап өткен жөн. Жақын арада Теміртау қаласының құқықтық тәртібін қорғау үшін, Саран, Шахтинск және Абай қалаларының жедел жәрдем қызметтеріне уақтылы ден қою үшін мамандандырылған көлік берілетін болады", - деп атап өтті QARMET ресми өкілі Талғат Темірханов.