Qarmet-ті жаңғыртуға 1,3 млрд доллар бөлінеді

0
670

Ақша комбинат жабдықтарын жаңғыртуға, заманауи өндіріс технологияларын енгізуге жұмсалады.


Qarmet-ті жаңғыртуға 1,3 млрд доллар бөлінеді

ERNUR.KZ. Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Qarmet компаниясының (бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау") ағымдағы жұмысы мен кәсіпорынды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп жазады sputnik.kz.

Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және жаңа инвестордың қатысуымен кәсіпорынның операциялық процестерін тұрақтандыру, оны қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ бірқатар құқықтық рәсімдерді жүргізу шаралары талқыланды.
"Одан бөлек, комбинат жабдықтарын жаңғыртуды, заманауи өндіріс технологияларын енгізуді және өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын арттыруды көздейтін инвестициялық бағдарламаны іске асыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, бірінші кезеңде осы мақсаттарға шамамен 1,3 млрд доллар бөлінеді", - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Смайылов кәсіпорын жұмысшылары алдындағы барлық міндеттемені уақтылы орындау қажеттігін атап өтті.
Үкімет басшысы өндірісті одан әрі серпінді дамытуды, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуды және анықталған экологиялық заңбұзушылықтарды кезең-кезеңімен жоюды тапсырды.
Отырыс қорытындысы бойынша Смайылов орталық мемлекеттік органдарға ағымдағы мәселелерді шешуде кәсіпорынға қажетті қолдау көрсету және инвестормен бірлесіп Qarmet-ті дамытудың әрбір бағыты бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы тапсырма берді.