Осыған байланысты 12 наурызда Новосібірге ұшуға тиіс рейс тоқтатылды.
Қазақстандық Qazaq Air әуе тасымалдаушысы Ресейге ұшуды тоқтатқанын хабарлады.
"QAZAQ AIR әуе компаниясы сақтандыру компаниясынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімі берілмейтіні туралы хабарлама алды. Осы жағдайды ескере отырып, әуе компаниясы сақтандыру мәселесі шешілмегенше Ресейге рейстерді орындай алмайды", - делінген компанияның хабарламасында.
Осыған байланысты 12 наурызда Новосібірге ұшуға тиіс рейс тоқтатылды.
Кеше Air Astana әуе компаниясы Нұр-Сұлтан-Мәскеу рейсінің тоқтатылғанын хабарлаған болатын. Оған да Ресейге коммерциялық рейстерді сақтандырудың тоқтатылғаны себеп болды.
Жолаушыларға билет құны толығымен қайтарылады. Ақшаны билетті сатып алған жерде қайтарып алуға болады. Егер билет әуе компаниясынан сатып алынған болса, info@flyqazaq.com электронды поштасына хабарласу керек. Ақшаны қайтару туралы өтінішпен бірге брондау нөмірін және байланыс деректерін көрсету керек. Егер билет агенттікте сатып алынған болса, сатып алу орнына хабарласасыз.