ҚР ІІМ ұялы телефон ұрлығын ашуда кездесетін кедергілерді атады

0
2 095

«Телефон ұрлығын ашудағы негізгі проблема - ол азаматтардың полицияға кеш жүгінуіне байланысты. Сонымен қатар азаматтардың ұсталған ұялы телефондарды сатып алуы, олардың мобильдік құрылғы IMEI-кодын білмеуі, мүлікке құқы бар құжаттардың болмауы секілді жағдайлар қылмыстың ашылуын кешіктіреді».


ҚР ІІМ ұялы телефон ұрлығын ашуда кездесетін кедергілерді атады

фото: inform.kz

ҚР Ішкі істер министрлігі ұялы телефон ұрлығымен байланысты қылмыстарды ашуда кездесетін кедергілерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Телефон ұрлығын ашудағы негізгі проблема - ол азаматтардың полицияға кеш жүгінуіне байланысты. Сонымен қатар азаматтардың ұсталған ұялы телефондарды сатып алуы, олардың мобильдік құрылғы IMEI-кодын білмеуі, мүлікке құқы бар құжаттардың болмауы секілді жағдайлар қылмыстың ашылуын кешіктіреді», - деп аталып өткен ІІМ-нің «ҚазАқпараттың» ресми сауалына берген жауабында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл ақпан айында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстанда ұялы телефон ұрлығын азайтудың шаралары туралы айтты. «Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұялы телефонды IMEI-код арқылы табу мүмкін болмай отыр. Бұдан бөлек, нарықта IMEI-коды бірдей ұялы телефондар да кездеседі. Бұл мәселені құрылғының IMEI-кодын иесінің ЖСН-ы мен абонент нөміріне байланыстыру арқылы ғана шешуге болады. Телефон осылай тіркелген кезде, ұялы телефонды ұрлау мүлдем тиімсіз болады», - деді Дәурен Абаев.