Ресей Байқоңырда Қазақстанмен қызметін жалғастырады, бірақ бұл басқа ел - Путин

0
618

Ол ғарыш айлағы - жалпыұлттық жоба екенін атап өтті.


Ресей Байқоңырда Қазақстанмен қызметін жалғастырады, бірақ бұл басқа ел - Путин

ERNUR.KZ. Ресей Байқоңырда Қазақстанмен бірге қызмет істеп келді және оны жалғастырады, бірақ бұл басқа ел, сондықтан Ресей Федерациясы елдің шығысында заманауи ғарыш айлағын жасап жатыр. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік думада мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Иә, біз Қазақстанмен бірге қызмет істеп келдік және оны жалғастыра береміз. Бірақ біз осы елмен қаншалық жақын болсақ та, барлық стратегиялық өзара міндеттемелер мен мүдделерге қарамастан, бәрібір бұл басқа ел, басқа мемлекет. Біз Қиыр Шығыста заманауи ресейлік ғарыш айлағын жасап жатырмыз", - деді ол Мемлекеттік думада өткен саяси партиялармен кездесуде.

Ол ғарыш айлағы - жалпыұлттық жоба екенін атап өтті.