Ресей біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз болып қала береді – Руслан Желдібай

0
480

Бүгін Мемлекет басшысы еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді.


Ресей біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз болып қала береді – Руслан Желдібай

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде өткізген кеңесіне байланысты журналистер тарапынан сұрақтар түсіп жатқанын желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Бұл жерде, ең алдымен, геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан көмірсутегін халықаралық нарықтарға жеткізу бағыттарын әртараптандыру туралы сөз болып отыр. Жиында жаңа көлік дәліздерін ашу мәселесі талқыланды. Бұл - бір күндік жұмыс емес, ұзақ мерзімді жоспар. Шын мәнінде, қабылданған шешімдердің ешқандай саяси астары жоқ», - деді Руслан Желдібай жазбасында.

Оның мәліметінше, Ресей біздің стратегиялық серіктесіміз әрі одақтасымыз болып қала береді.

«Оның мүддесіне нұқсан келтіретін қандай да бір іс-әрекеттерге жол берілмейді. Қазақстан тарапына қатысты да осындай әрекеттер жасалмайды деп үміттенеміз», - деп жазды баспасөз хатшысы.