Ресейден Қазақстан аумағы арқылы Қытайға газ құбырын тарту мәселесіне тоқталды.
ERNUR.KZ. Қазақстан Ресей газын өз аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Қазіргі таңда Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау мәселесі талқыланып жатыр. Келіссөз конструктивті сипатта жүріп жатыр. Қорытындысы бойынша ақпарат береміз", - деді Сәтқалиев үкімет кулуарында.
Сондай-ақ ол Ресейден Қазақстан аумағы арқылы Қытайға газ құбырын тарту мәселесіне тоқталды.
"Ресейден Қазақстанның солтүстік аумағы арқылы Қытайға газ құбырын салу мәселесі талқыланып жатыр. Алдын ала маршрут белгіленді. Газ құбырын салу шарттары келісіліп жатыр. Келіссөз жүргізілуде", - деді министр.