Ресей өз жолбарыстарын Қазақстанға беруге дайын

0
367

Қиыр Шығыста тұратын Амур жолбарысы генотипі бойынша Тұранға өте ұқсас.


Ресей өз жолбарыстарын Қазақстанға беруге дайын

ERNUR.KZ. Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумында "Амурский тигр" орталығының бас директоры Сергей Арамилев Ресей өз жолбарыстарын Қазақстанға беруге дайын екенін айтты, деп жазады zakon.kz.

Мәселе өткен ғасырдың ортасында Қазақстанда мүлдем жоғалып кеткен Тұран жолбарыстарының популяциясын жандандыру туралы. Қиыр Шығыста тұратын Амур жолбарысы генотипі бойынша Тұранға өте ұқсас.

"Қазақстан билігінің шешімін күтеміз. Егер Қазақстан бұл процесті жалғастыра берсе, онда ғалымдар мен мамандардың көзқарасы бойынша бәрі дайын және біз Қазақстанға жолбарыстардың қажетті санын беруге дайынбыз", – деп атап өтті Сергей Арамилев.

Бірінші кезеңде Қазақстанға төрт жас жолбарыс, екі еркек және екі ұрғашы әкелу жоспарлануда.Айта кетейік, 7 тамызда Шымкент хайуанаттар бағында кішкентай пони туылды.