Заңды бұзғандарға 400 мың рубль (3 миллион теңге) айыппұл салынады.
ERNUR.KZ. Ресейде Дума депутаттары дәстүрлі емес сексуалды қарым-қатынасты дәріптеуге тыйым салатын заңды алғашқы оқылымда-ақ мақұлдады, деп жазады ulysmedia.kz.
Заңды бұзғандарға 400 мың рубль (3 миллион теңге) айыппұл салынады. Ал егер лауазымды адам ЛГБТ-ға тыйым салатын заңды бұзатын болса, айыппұл құны екі есеге өсіп, 800 мың рубльге жетеді.
Ал егер қандай да бір компания осы заңды бұзатын болса, 5 миллион рубль көлемінде айыппұл салынып, қызметі 90 күнге дейін тоқтатылады.
Сондай-ақ, дәстүрлі емес қарым-қатынас пен жыныс ауыстыру мәселесін кәмелеттік жасқа толмағандар арасында насихаттағандарды да жаза күтіп тұр.