Ресейдің Қазақстанмен шекарасында жолаушылар мінген тікұшақ өртенді

0
930

Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ электр сымдарына тиген.


Ресейдің Қазақстанмен шекарасында жолаушылар мінген тікұшақ өртенді

ERNUR.KZ. Ресейде Қазақстанмен шекарада 13 жолаушысы бар тікұшақ өртенді, деп жазады zakon.kz.

Ми-8 тікұшағы Қазақстанмен шекарада орналасқан Алтай Республикасы, Көксу ауданы Тыңғыр елді мекеніне қатты қонып, өртеніп кетті.

Бұл туралы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша Бас басқармасының Telegram-каналында былай делінген:

"Оқиға орнында өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Қосымша ақпарат анықталып жатыр".

Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ электр сымдарына тиген.

"Ақпарат нақтыланады", - дейді Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша Бас басқармасы.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, Ми-8 бортында 13 адам болған. Оның алтауы қаза тапқан.