Ресейдің сыртқы барлау қызметі Қазақстандағы бүліктің болатынын алдын-ала білді

0
705

​Ресейдегі сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин Қазақстандағы бүліктің болатыны жайлы ақпарат алдын ала жинақталған дегенді алға тартты.


Ресейдің сыртқы барлау қызметі Қазақстандағы бүліктің болатынын алдын-ала білді

ERNUR.KZ. Бұл ойын ол "Мәскеу комсомолына" берген сұқбатында айтқан, деп жазады Экспресс К.

Сұқбаттағы дерекке сүйенсек, Сергей Нарышкин тәртіпсіздік соңы төңкеріске ұласуы террористік топтардың әрекеті дейді. Яғни, Сириядағы лаңкестер жеңіліс тапқаннан кейін Орта Азиядағы бірқатар мемлекетке кіріп кеткен.

"Олардың әр елге қоныс аударуына ұйытқы болғандардың есімін білеміз. Бірақ бұл әрекет көптеген мемлекетті алаңдатты. Қазақстандағы әріптестерімізге өзіміздегі бар ақпаратты айтып отырдық. Қаңтар оқиғасының тәртіпсіздікке ұласатыны жайлы дерек болды", - дейді сұқбатында Сергей Нарышкин.

Сонымен қатар, ол деструктивті саяси күштердің бейбіт шеруді бүлікке, тәртіпсіздікке, төңкеріске әп-сәтте айналдыра алатын мүмкіндігі бар екенін Қазақстандағы оқиға дәлелдеді дегенді алға тартқан.

"Олардың ойыны тек Қазақстанда ғана емес, Украинада да анық байқалды. 2014 жылғы саяси төңкеріс соның дәлелі. Жалпы ҰҚШҰ ұйымы дәл осындай террористік әрекеттер мен лаңкестер ошағын, олардың схемасын жоюда таптырмас күш. Қазір экстремистік, террористік топтардың адуыны басылғанымен, алаңсыз өмір сүруге болмайды. Үнемі бақылау жұмыстарын жүргізіп отыру керек",деп қорытындылаған ол сөзін.