Ресейге кірудің жаңа ережелері: Қазақстан үшін не өзгереді?

0
347

Эксперимент үшін Мәскеу "шетел азаматтарын тартудың дәстүрлі орталығы және ірі көлік торабы" ретінде таңдалды.


Ресейге кірудің жаңа ережелері: Қазақстан үшін не өзгереді?

ERNUR.KZ. Қазақстанмен шекаралас Орынбор облысындағы "Маштаково" автомобиль өткізу бекетінде тәжірибе ретінде Ресейге кіретін шетелдіктерді фото және саусақ ізімен сәйкестендіру процедурасы іске қосылады, деп жазады tengritravel.kz.

Рәсім 2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Мәскеу әуе торабының әуежайларында, Орынбор облысындағы, Қазақстанмен шекарадағы "Маштаково" автомобиль өткізу бекетінде іске қосылатыны хабарланды.

"Бұл әзірге эксперимент. Алгоритм сынақтан өткеннен кейін үкімет ФСБ-дағы әріптестерімен бірге оны барлық шекаралық өткелдерге масштабтау мәселесін қарастырады", - деді ведомствода көші-қон саясатына жетекшілік ететін Ресей Федерациясы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Александр Горова.

Эксперимент үшін Мәскеу "шетел азаматтарын тартудың дәстүрлі орталығы және ірі көлік торабы" ретінде таңдалды.