Ресейлік ғарышкер Маңғыстау облысын ғарыш станциясынан видеоға түсірді

0
663

Видеоға Каспий теңізі мен Ақтау қаласы түсірілген.


Ресейлік ғарышкер Маңғыстау облысын ғарыш станциясынан видеоға түсірді

ERNUR.KZ. Ресейлік ғарышкер Олег Артемьев Каспий теңізі мен Маңғыстау облысын ғарыш станциясынан видеоға түсірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Ғарышкер Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген кадрларды Instagram желісінде жариялады. Видеоға Каспий теңізі мен Ақтау қаласы түсірілген.

"Қазақстанның үстінен ұшып барамыз. Сәлем Қазақстан! Біз үстінен өтіп бара жатқан қаланы таныдыңыз ба?" - деп жазды ғарышкер жазба сипаттамасында.

2020 жылы ғарышкер Маңғыстаудағы құмды дауылды ХҒС-тан түсіріп алған болатын. Олег Артемьев суретті Twitter-парақшасында жариялаған еді.