Ресейлік "Голос" жобасында Әміре мен Әлішер Каримов жартылай финалға шықты

0
769

Марқұм композитор, әнші Александр Градский тобында өнер көрсеткен Әлішер Кәрімов дауыс беру бойынша екінші орынмен жартылай финалға өтті.


Ресейлік

ERNUR.KZ. Ресейлік "Голос" жобасында Әміре мен Әлішер Кәрімов жартылай финалға шықты, деп жазады Zakon.kz.

Марқұм композитор, әнші Александр Градский тобында өнер көрсеткен Әлішер Кәрімов дауыс беру бойынша екінші орынмен жартылай финалға өтті. Желі қолданушылары Әлішердің ән айту шеберлігіне тамсанып, қолдап жатыр. Ал әнші Леонид Агутин "Әлішер, этникалық, классикалық, басқа да ноталарды еркін алатыныңыз ғажап" деп баға берді.

Ресейлік танымал әнші Дима Биланның тобындағы Ернар Садырбаев тәлімгер дауысы бойынша бірінші орын (50%) алып, дауыс беру бойынша екінші орынды (39%) алды. Нәтижесінде 89 пайызбен келесі кезеңге өтті. Ал оның басты қарсыласы тәжікстандық Ильхом Тагиров (тәлімгер 30%, дауыс беру 40%) екінші орында келе жатыр. Қазылар алқасының мүшесі Пелагея Ернарға "адам сенгісіз жоғары дауысыңыз бар, орындауыңызда мін жоқ" деді.