Ресейліктердің Қазақстан банктеріне салымдары 6,5 есе өскен

0
537

Сонымен қатар, ресейлік клиенттердің саны 1,8 есе немесе 283 330 адамға өсті.


Ресейліктердің Қазақстан банктеріне салымдары 6,5 есе өскен

ERNUR.KZ. Ресейліктердің ел банктеріндегі салымдары 1,13 трлн теңгеге жетті, деп жазады ulysmedia.kz.

LS-тің жазуынша, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі агенттікке 2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық банктердегі ресейліктердің салымдары 981 млрд теңгеге артқанын мәлім еткен. Бұл 2022 жылдың 1 ақпанындағы көрсеткіштен шамамен 6,5 есе көп. Ол кезде салымдар көлемі 151 млрд теңгені құрады.

"2023 жылғы 1 қаңтарға Ресей Федерациясы резиденттерінің қазақстандық банктердегі салымдары мен ағымдағы шоттарындағы ақша қалдықтарының сомасы 1,13 трлн теңгені құрайды", - деп атап өтті агенттікте.

Сонымен қатар, ресейлік клиенттердің саны 1,8 есе немесе 283 330 адамға өсті. Қазақстан қаржы институттарында барлығы 440 599 Ресей азаматына қызмет көрсетіледі.

Салымдардың ең көп көлемі жеке тұлғаларға, соның ішінде жеке кәсіпкерлерге тиесілі.

"Бұл көрсеткіш 146 млрд теңгеден 1,08 трлн теңгеге дейін өсті (өсім – 940 млрд теңге немесе 646%), ал клиенттер саны – 156 476-дан 439 554-ке дейін (өсім – 283 078 клиент немесе 181%)", - деп нақтылады агенттікте.

Заңды тұлғаларға келетін болсақ, салымдар мен ағымдағы шоттар бойынша қалдықтар көлемі 5 млрд теңгеден 46 млрд теңгеге, ал клиенттер саны 793-тен 1 045 теңгеге дейін өзгерді.

Ұлттық банктің деректері бойынша 2023 жылғы 1 қаңтарға қазақстандық банктерде 19,8 трлн теңге сақталады. Оның ішінде жеке тұлғалардың салымдары 13,3 трлн теңгені, ал заңды тұлғалардың салымдары 6,5 трлн теңгені құрайды.

Бұған дейін, LS редакциясы қазан айында ресейліктер Қазақстан банктерінде 678,2 млрд теңге ұстағанын жазған болатын.