Риддер қаласының жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

0
881

2023 жылдың 23 наурызында Риддер ЖЭО-дағы №6 қазандық жанындағы отын беру галереясында көмір тозаңынан жарылыс болған еді.


Риддер қаласының жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тіршілікке қажетті жүйелерін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, құжатқа сәйкес, 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің резервінен кезек күттірмейтін шығындарға Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына жалпы сомасы 8 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Қаражаттың басым бөлігі қазандықтар мен жылу желілерін күрделі жөндеуге бағытталады. Сонымен қатар қаражат отын беру галереясы мен аспирация жүйесін күрделі жөндеуге жұмсалады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 23 наурызында Риддер ЖЭО-дағы №6 қазандық жанындағы отын беру галереясында көмір тозаңынан жарылыс болған еді. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метрді құрайтын қоршау құрылымдарын бұзып, салдарынан облыс көлемінде төтенше жағдай режимі жарияланды.