Риддер жылу орталығында қазандық өшіп, халық тағы ыстық сусыз қалды

0
623

Жаз бойы ыстық сусыз отырған Риддер халқына осыдан бірнеше күн бұрын ғана ыстық су берілген.


Риддер жылу орталығында қазандық өшіп, халық тағы ыстық сусыз қалды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында қазандық өшіп, халық тағы ыстық сусыз қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жаз бойы ыстық сусыз отырған Риддер халқына осыдан бірнеше күн бұрын ғана ыстық су берілген. Алайда кеше ыстық су тағы өшірілді. Бұған себеп – жылу электр орталығындағы іске қосылған орташа қысымды қазандықтың қайтадан өшірілуі.

Ал оның не үшін өшірілгенін Риддердегі «Су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын директоры Константин Хан түсіндіріп берді.

«Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережесіне сәйкес, күрделі жөндеуден өткен жабдықтар іске қосылғаннан кейін 48 сағат ішінде сынақтан өтеді. Осыдан кейін қазандықтың әрбір бөлшегін егжей-тегжейлі тексеру үшін жоспарлы түрде оны өшіру қажет. Сол себепті №3 жылу қазандығы уақытша өшірілген», - деп түсіндірді ол.