Риддерде қар көшкіні салдарынан бір турист көз жұмды

0
2 711

Облыс орталығынан келген алты саяхатшы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанаған.


Риддерде қар көшкіні салдарынан бір турист көз жұмды

ERNUR.KZ. Риддерде Үлбі өзені маңындағы Сержиха тауында моторлы шанамен (снегоход) жүйткіп, демалып жүрген туристердің бірі қайтыс болды. Қайғылы оқиғаға қар көшкіні себеп болды, деп жазады zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметі бойынша, 10 ақпанда облыс орталығынан келген алты саяхатшы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген. Кенеттен таудан көшкін жүрген. Демалушылардың бірін қар басып қалды.

- Дереу көмекке ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы кинологиялық есеппен бірге Еврокоптер-145 тікұшағымен шықты, құрамында 5 адам бар екінші топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен шықты, оған қоса Риддер қаласынан құтқарушылар мен 4 волонтер қарда жүргішпен қосымша жұмылдырылды. 16.23 сағатта тікұшақ күннің бұлтты болуы мен көзге түрткісіз түтек боран салдарынан қонуға мәжбүр болды. Осы уақытта саяхатшылар байланысқа шығып, зардап шеккенге дейін жетіп, қар астында қалған 1979 жылы туған еркектің денесін алып шыққанын хабарлады. Саяхатшылар тұрған орындарының нақты координаттарын берген соң, ол жерге құтқарушылар мен волонтерлар қарда жүретін техникамен жетті. Таудан түскен кезде қар жабынының биіктігі мен күннің батуы, тік қия және төменгі ауа температурасы қиындатты. 11 ақпанда 8 волонтер, 2 құтқарушы және 1 криминаллық полиция сарапшыдан тұратын топ, сонымен қатар 3 саяхатшы қаза болған адамның денесін түсіру үшін тауға кетті., - деді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

ШҚО ТЖД құтқарушылары бірнеше күн қатарынан тұрғындарға алдын ала таудағы көшкін қаупі туралы ескерту жасаған.

ҚР ТЖМ мынаны ескертеді:

- Қолайсыз ауа-райы, қар кезінде тауға шықпаңыз;

- Қатты жел және жылымық кезде;

- Тауда жүрген кезде ауа-райын қадағалаңыз;

- Тауға шыққан кезде баратын ауданды, көшкін жүруі ықтимал орындарды біліңіз. Ол көбінесе беткей еңісі 30°градустан асса жиі болады, егер де беткейде бұталар мен ағаштар болмаса – еңісі 20°. Беткей еңісі 45° асатын болса көшкін әр қар жауған сайын жүреді.