Риддердегі алапат өртке кінәлі деген күдікті ұсталды

0
451

Алдын ала мәлімет бойынша, ол от жаққан.


Риддердегі алапат өртке кінәлі деген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Риддердегі алапат өртке кінәлі деген күдікті ұсталды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Анықтау жұмыстары ТЖМ құзыретіне кірмейді, бірақ менің білуімше, Ішкі істер министрлігі бір адамды ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол от жаққан. Толық ақпаратты ІІМ-нен сұраңыздар", - деді Талғат Уәли.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Риддер қаласының маңындағы орманда жойқын өрт туралы видео тараған болатын. Видеоны ШҚО ТЖД мен куәгерлер жолдаған. Бастапқыда өрттен 14 үй зардап шеккені айтылған еді, алайда кейінірек 35 үйді жалын шарпығаны анықталды. Төтенше жағдайдан бір адам қаза тауып, екі адам зардап шеккені, олар ауруханада жатқаны хабарланды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Лесхоз кентінің өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырған болатын. Кейін полиция соталды тергеу бастағаны хабарланған еді.