Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 18 сәуірге қараған түні жылу электр орталығындағы қазандықтардың бірі апатты жағдайда істен шыққан.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы апат болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 18 сәуірге қараған түні жылу электр орталығындағы қазандықтардың бірі апатты жағдайда істен шыққан.
«Жоғары қысымды қазандық апатты жағдайда өшірілді. Шұғыл түрде резервтік қазандық іске қосылды. Енді жылу жүйесіндегі температура біртіндеп көтеріледі», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, ҚазАқпарат тілшісі Риддер тұрғындарын сөзге тартып көрді.
«Қазір үйлерімізде жылу жоқ. Далада ауа температурасы да төмендеп кетті. Тезірек жылу қосылса екен», - дейді Бақытгүл есімді қала тұрғыны.
Еске салсақ, осыған дейін Риддердегі жылу электр орталығын коммуналдық меншікке беру туралы келіссөз жүріп жатқаны хабарланған.