Rixos қонақүй кешені аумағынан өрт шықты

0
1 057

Төтенше жағдайдың орын алғаны туралы ақпаратты Ақмола облысының ТЖД растап отыр.


Rixos қонақүй кешені аумағынан өрт шықты

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Бурабайдағы Rixos қонақүй кешені аумағынан өрт шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде тараған видеожазбаға қарағанда, өрт Rixos қонақүй кешені аумағындағы аласа бір қабатты ғимаратты шарпып жатыр. Төтенше жағдайдың орын алғаны туралы ақпаратты Ақмола облысының ТЖД растап отыр.

«Өрт Rixos қонақүй кешені аумағында орналасқан «№9 Павильон» дәмханасында орын алды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД өрт сөндірушілері мен арнайы өрт сөндіру техникалары тартылды. Өрттің шығу себеп-салдары кейін анықталады», - деп жауап қатты ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері.