Роман Скляр – Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден келген шығын – 30 миллиард теңге

0
759

Бүгінде 21 нысанда жөндеу жұмысы аяқталды.


Роман Скляр – Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден келген шығын – 30 миллиард теңге

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде келтірілген шығынның жалпы көлемін айтты, деп жазады Zakon.kz.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде еліміздің сегіз өңірінде – Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында 42 мемлекеттік мекеме зақымданған.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен – 30 млрд теңге. Оның ішінде 28 млрд теңге республикалық бюджеттен 18 нысанды қалпына келтіруге жұмсалды.Роман Скляр

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының сөзінше барлық нысан техникалық жағынан тексерілген. Нәтижесінде 28 ғимаратт жөндеп, сонымен бірге 14-інде күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмысын жүргізу қажет екенін айтты.

Бүгінде 21 нысанда жөндеу жұмысы аяқталды. Наурыз айының соңына дейін бес ғимаратқа, қалған екі нысанға биыл мамыр және маусым айларында жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар күрделі жөндеуді және қайта құруды қажет ететін 14 мемлекеттік нысан бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.Роман Скляр