Роман Скляр: «Sukhoi Superjet 100» ұшақтары тұрақты рейстерде пайдаланылмайды

0
1 105

Мәскеу әуежайында апатқа ұшыраған, Ресейде өндірілген «SSJ-100» маркалы ұшақтарының Қазақстанда пайдаланылуына қатысты тілші сауалына жауап берді.


Роман Скляр: «Sukhoi Superjet 100» ұшақтары тұрақты рейстерде пайдаланылмайды

ERNUR.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Ресейде апатқа ұшырыған «Sukhoi Superjet 100» ұшақтарының Қазақстанда пайдаланылуына қатысты түсінік берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бізде Ресейде өндірілген «SSJ-100» маркалы бір ғана бизнес ұшақ пайдаланылып жүр. Бұл ұшақ жекеменшік компанияға тіркелген. Ал тұрақты бағдарларда бізде осы типтегі әуе кемесі пайдаланылып жүрген жоқ», - деді министр тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар министр Шереметьеводағы ұшақ апатына қатысты ведомство атынан РФ Көлік министрлігіндегі әріптестеріне көңіл айту жеделхаты бағытталғалғанын айтты.

«Авиацияда барлық регламенттер мен қауіпсіздік талаптарын міндетті түрде орындау керек. Бұл негізгі басымдық болып саналады», - деді Р. Скляр.