ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Рымбаева мәдениет және өнер саласында халықаралық сыйлықты иеленді. Бұл жөнінде 24 арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz.
Салтанатты рәсім Киев қаласында өтті. Жалпыұлттық бағдарламаның аясында үздік қатысушыларға "Жыл адамы" мәртебесі беріледі. Украинада бұл шара жиырма үшінші рет өтті. Роза Рымбаеваға дейін осы сыйды Тото Кутуньо, Патрисия Каас сынды танымал әртістер иеленді.
"Шығармашылығымның Украинада бағаланғаны үшін бақыттымын. Менің тыңдармандарым, оқырмандарым көп. Киевке келу мен үшін бақыт. Және әлі де көп рет келемін деп үміттенемін. Өзімнің бүгінгі жоғарғы мәртебемді, жоғарғы сыйымды ақтауға, осында жиі келіп, өз өнеріммен қуантуға тырысамын. Көбірек араласуға және адамдарға шынайы музыканы сыйлауға ұмтыламын. Музыка — біздің елдеріміздің, ұлттарымыздың арасындағы басты көпір. Себебі, ол рухани өмір", — дейді әнші.