Тағы 2 көлік бүлінген.
ERNUR.KZ. Рудный қаласында 10 автобус өртеніп кетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Оқиға бүгін Рудный қаласының маңындағы жеке серіктестік базасында болған.
«24 тамыз күні сағат 04:19-да «Рудный Автотранс» ЖШС аумағындағы өрт туралы хабар түсті. Оқиға орнына 4 арнайы техника мен 18 адам жұмылдырылды. Оқиға орнына жеткен соң, қызметкерлер ашық аумақта жолаушылар автобустарының жанып жатқанын анықтады. Жағдайға байланысты жақын маңдағы автобустарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. 2-МӨСБ және нысан өкілдерінің күшімен 12 автобус қауіпсіз қашықтыққа шығарылды» делінген ТЖД ақпаратында.
Тілсіз жау сағат 05:10-да толығымен сөндірілді. Өрт кезінде 10 автобус толықтай өртеніп кеткен, сонымен қатар тағы 2 көлік бүлінген.
Қазір өрт себептері анықталуда.