Рудныйда алты жасар екі бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

0
602

Қазір әлеуметтік желілерде осы қайғылы жағдайға байланысты әлеуметтік желілерде ақпарат тарай бастады. Онда ағайынды балалардың конфет түрінде сатылған есірткілік заттан ұшынғаны айтылады.


Рудныйда алты жасар екі бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

ERNUR.KZ. Қазір балалардың өліміне не себеп болғаны анықталу үстінде, деп жазады exk.kz.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2016 жылы туған ағайынды ер балалар 12 қазан күні сағат 8 кезінде Рудный қалалық ауруханасына жедел жәрдем көлігімен жеткізілген.

""103" қызметіне балалардың анасы жүгінген. Балалар аяқтары талып, бастары айналып, ұйқылары келіп, жайсыздық сезінетіндеріне шағымданды. Олар инфузиялық терапиядан өткізілді. Зертханалық және клиникалық сапартамалар ешқандай ауытқушылық көрсетпеген", дейді басқарма мамандары.

Олардың айтуынша, 13 қазанда таңертең анасының талабымен екі бала үйлеріне босатылған. Ауруханадан шығарылар кезінде олардың жағдайы қалыпты болыпты.

"Қайғылы жағдай сол күні, ауруханадан шыққаннан кейін 12 сағат өткеннен соң болды. Балаларының мерт болып жатқанын анасы бірінші болып көрген", - деді басқармадағылар.

Оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем бригадасы екі баланың биологиялық өлімін тіркеуге алды.

Қазір әлеуметтік желілерде осы қайғылы жағдайға байланысты әлеуметтік желілерде ақпарат тарай бастады. Онда ағайынды балалардың конфет түрінде сатылған есірткілік заттан ұшынғаны айтылады. Ал облыстық ПД баспасөз қызметі бұның дәлелденбеген ақпарат екенін алға тартты.

"6 жастағы екі баланың өліміне байланысты Рудный қаласында сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның аясында барлық қажетті тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіледі", деп қысқа қайырды департаменттегілер.