Рудныйда екі әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

0
724

Осы іс бойынша 39 жастағы күдікті қолға түскен.


Рудныйда екі әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Рудныйда екі әйелді өлтіріп кеткен 39 жастағы күдікті ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай растады.

«Оқиға 21 ақпан күні болған. Рудный қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, 68 жастағы әпкесінің телефон қоңырауына жауап бермейтінін айтқан. Кейін оның 34 жастағы туысы жоғалып кеткені анықталды. Іздеу шаралары барысында кеше екі әйелдің де денесі табылды. Осы іс бойынша 39 жастағы күдікті қолға түсті»,- деді Кенже Қонысбай агенттік тілшісіне.

Күдікті бұған дейін де қылмыс жасап, түрмеге қамалған. Тергеу шаралары жалғасуда.