Бала алған жарақатынан ауруханада қайтыс болған.
ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға 13 сәуірде кешке орын алды. Павел Корчагин көшесіндегі үйдің бесінші қабатының терезесінен 2020 жылы туылған сәби құлап кетті, деп жазады Zakon.kz.
Бала алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды, делінген ТВС-Магнетит Instagram-парақшасында.
Құтқарушылар түсіндіріп өткендей, бала терезедегі тор қаптаманы (москит) ұстаймын деп құлап кеткен. Жазатайым оқиға туралы факт сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қолға алуы үшін полицейлерге берілді.
Рудный Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындардан балаларды пәтерде қараусыз қалдырмауды және қолданыстағы сақтық шараларын қабылдауды сұрайды. Жыл сайын орын алатын қайғылы статистика көрсеткендей, терезедегі тор қаптама - жәндіктерден қорғайды, бірақ баланы құлап кетуден қорғамайды.