Рустам Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

0
741

Ол 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында еңбек еткен.


Рустам Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ERNUR.KZ. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі және облыс әкімінің өкіміммен Рустам Маратұлы Исатаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп жазады inform.kz.

Рустам Маратұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары. 2008 жылы Ұлыбританияның Дарэм университетінде «экономика», 2021 жылы АҚШ-тың Гарвард университетінде «Мемлекеттік басқару магистрі» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі макроэкономикалық талдау және жоспарлау департаментінің бас сарапшысы болып бастаған.

«Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС вице-президенті қызметтерін атқарған.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында еңбек етті,