​Құс еті мен сүт өнімдерінен ішек таяқшасы бактериялары табылды

0
4 254

Құс етінен 18 сынама,сүт өнімдерінен 45 сынамасы алынды. Тағам сынамасының 38% техникалық техникалық регламентке сай келмеді. Сол тауарлардың ішінде 37,5%-ында ішек таяқшасы тобындағы бактериялар анықталды.


​Құс еті мен сүт өнімдерінен ішек таяқшасы бактериялары табылды

Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 63 өнімнің сынамасын алды. Оның 38% техникалық регламентті сақтамаған.Сүт пен құс етінен ішек таяқшасы тобындағы б актериялар анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ aktobenews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде тұрғындар өміріне қауіп тудырмас үшін құс етінен 18 сынама,сүт өнімдерінен 45 сынамасы алынды. Тағам сынамасының 38% техникалық регламентке сай келмеді. Сол тауарлардың ішінде 37,5%-ында ішек таяқшасы тобындағы бактериялар анықталды. Ал, 62,5%майдың массалық үлесі және май-қышқылды құрамы, таңбалаудан қателік жіберді. Ал сүт өнімдерінің 3 сынамасында микробиологиялық көрсеткіш бойынша сәйкессіздік анықталды. Олар: «Домик на хуторе» 20% қаймағы. Өндірушісі: Ресейдің «Карагачский молокозавод» компаниясы. Сонымен қатар, Ресейдің «Главпродукт» қант қосылған қаймағы алынбаған сүті, «Виолетта с зеленью» сүзбе ірімшігі сынамаға сай келмеді. Соңғысынан ішек таяқшасы тобындағы бактерияларанықталды.