Сәби анасының үстінде жатты - Апат орнында баланы құтқарған полицей

0
876

"Қанша айлық екенін білмеймін, бірақ дауысы тым әлсіз еді."


Сәби анасының үстінде жатты - Апат орнында баланы құтқарған полицей

ERNUR.KZ. Алматы маңында құлаған ұшақ қирандыларынан сәбиді құтқарған полицей Жақсылық Сұлтанов ауруханаға жеткізгенге дейін баланың жағдайы туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Басында біз әріптесіміз екеуіміз дем алмай жатқан адамдарды шығардық. Өздеріңіз көргендей, оқиға орнында полицейлер, құтқарушылар мен медициналық қызметкерлер де болды. Ұшақты айналып шығып, жеке үйге қарай бет алдық. Онда ашық түрде аяғы сынған әйел жатты. Ол жыламады. Бәлкім шок алғаннан шығар. Кеудесінде сәби жатты, анасы сол қолымен қысып ұстаған, ал оң қолы жараланған. Қазақша сөйледім, баланы алып, жедел жәрдемге тапсыратынымды түсіндірдім. Ол көзім жұмып ашып, келісім берді, осыдан кейін әйел жылап жіберді", - деді Жақсылық Сұлтанов.


Полицейлер құтқару шараларына дереу кірісу керек болғанын айтты. Мен баланы жедел жәрдемге тапсырдым, ол ер бала". Қанша айлық екенін білмеймін, бірақ дауысы тым әлсіз еді. Өзімнің де бір жасар қызым бар. Бұл бала менің қызымнан әлдеқайда кіші", - деді полицей.

Жақсылық Сұлтанов 2006 жылдан бері полицияда қызмет етеді.