​Сағадиев: Кішкентайларға қол көтеретін тәрбиешілерге талап күшейеді

0
2 173

Тәрбиешілердің өздерін тәрбиелеу керек.


​Сағадиев: Кішкентайларға қол көтеретін тәрбиешілерге талап күшейеді

сурет:zhanaqorgan-tynysy.kz

ERNUR.KZ. Білім министрі Ерлан Сағадиев кішкентайларға қол көтеретін балабақша тәрбиешілерінің қылығына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, енді оларға қатысты талап күшейеді, деп жазады ktk.kz.

Бүгінде балабақшаларда 55 мың адам жұмыс істейтін болса, солардың арасында арнайы білім алғандары жартысына да жетпейді. Оның үстіне, жыл сайын 9 мыңдай жас жоғары оқу орнын бітіріп шыққанымен, соның оннан бірі ғана өз мамандығымен жұмысқа орналасады екен. Сондықтан, жағдайды бір қалыпқа келтіру үшін тәрбиешілерге жаңа талаптар қойылатын болады. Яғни, барлығы санатын жоғарылату үшін аттестациядан өтеді. Сонымен бірге, жалақыларын әрқайсысының санатына сай жалақылары 30-дан 50 пайызға дейін өседі. Сөйтіп, Алматыдағыдай балаларды білектің күшімен бағындырып жүрген тәрбиешілердің өздерін қайта тәрбиелеп шығамыз дейді Сағадиев.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Тәрбиешілердің өздерін тәрбиелеу керек. Сол үшін арнайы курстар қарастырылған. Мәселен, қамқоршылар кеңесін қатыстыру арқылы мектептерде жағдай біраз тұрақталды. Сондықтан, балабақшадағы осындай жәйттарды болдырмаудың бірден-бір жолы қоғамдық бақылау деп ойлаймын.