Сағынтаев Алматының қоғамдық кеңесімен жиын өткізді

0
817

Мегаполис әкімі Қоғамдық кеңестің заманауи жағдайдағы жаңа рөлін атап өтті.


Сағынтаев Алматының қоғамдық кеңесімен жиын өткізді

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің алғашқы жұмыс күнін қаланың қоғамдық кеңесімен кездесуден бастады, деп жазады baq.kz.

«Қаланың қоғамдық кеңесі республикадағы ең белсенді болып саналады. Ол құрылған жылдардан бері қарай қала тіршілігіне қатысты ең өткір әрі барынша ауқымды мәселелердің кең спектрін шешу үшін орасан зор жұмыстар атқарылды. Қала үшін маңызды мәселелер, экология, сәулет, көлік, ТҮКШ, қауіпсіздік, әлеуметтік инфрақұрылым және басқа бірқатар қала жобалары, оның ішінде Ботаника бағын, теміржол вокзалдарын, басқаларын реконструкциялау қоғамдық талқылаудың тақырыптары болып табылады. Бұлардың барлығы әкімдік қабылдаған шешімдерде көрініс тапқан», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Мегаполис әкімі Қоғамдық кеңестің заманауи жағдайдағы жаңа рөлін атап өтті.

«Сіздер үнемі халықпен біргесіздер. Сіздер қала тұрғындарының әлеуметтік көңіл күйлерін жете білесіздер. Азаматтар мен қоғамның негізгі талаптарын сезіне отырып, сіздер оларды мемлекет мүддесімен үндесуге, билік органдарының оларды шешуіне көмек бересіздер. Мен азаматтармен ашық коммуникацияны қалаймын, қаланы дамыту жоспарларымен бөлісуге, оларды ашық талқылауға дайынмын. Күшімізді біріктіре отырып, қала тұрғындарының өмір деңгейінің сапасын арттыру, инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша барынша ұтымды шешімдер қабылдауға болады», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетерлігі, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің алғашқы құрамына 37 мүше сайланды, олардың 31 мемлекеттік емес сектор мен азаматтық қоғам өкілдері. Құрамның барлық жұмыс атқарған жылдары (2016-2019 ж.) 107 кеңес, 127 комиссия отырысы, 84 қоғамдық мониторинг және 16 қоғамдық тыңдау өткізілген.

Бұлардан өзге, қоғамдық кеңестің мәжілістерінде нормативті-құқықтық актінің 475 жобасы қаралып, тиісті мемлекеттік органдарға 462 ұсыныстар жіберілген.