Қазақстандағы телевидениенің дамуына қосқан үлесі үшін Диаскен Бәйтібаевқа грант берілді.
ERNUR.KZ. Журналистика күніне орай бұрынғы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне оқ атылған кезде жараланған Almaty ТРК операторы Диаскен Бәйтібаев марапатталды, деп жазады sputnik.kz.
Диаскен Бәйтібаевқа ел телевизиясын дамытуға қосқан үлесі үшін грант берілді.
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әріптесін марапатымен құттықтады.
Оның айтуынша, қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде телеарна қызметкерлері отырған көлікке шабуыл жасалып, телеарна жүргізушісі көз жұмды. Автомобиль салонында жарақат алған Диаскен Бәйтібаев та болған.
Алматының сол кездегі әкімі Бақытжан Сағынтаев қаңтар оқиғасы кезінде өз кортежінің шабуылға тап болғаны туралы айтып берді.