Сағынтаев: ЖРВИ мен тұмауға қарсы 430 мың дозалық екпе сатып алынады

0
584

Алматыда жыл сайын ЖРВИ мен тұмау басталған кезде «тәуекел топтарға» екпе егіледі.


Сағынтаев: ЖРВИ мен тұмауға қарсы 430 мың дозалық екпе сатып алынады

ERNUR.KZ. Биылғы жылы ЖРВИ мен тұмауға қарсы 430 мың дозалық екпе сатып алынады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Алматыда жыл сайын ЖРВИ мен тұмау басталған кезде «тәуекел топтарға» екпе жасалады. Олар – медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есептерде тұратын балалар, алты айдан асқан жиі ауыратын балалар, жетімдер үйіндегі балалар, қарттар үйіндегі адамдар және мүгедектер, медициналық-әлеуметтік мекемелер қызметтерін қолданушылар, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер және эпидемиологиялық көрсеткіштері бар науқастар.

Биылғы жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен тұмауға қарсы 130 мың дозалық екпе сатып алу жоспарланған. Екпе қыркүйек айында жеткізіледі деп күтілуде. Тәуекел тобындағыларға тұрғылықты жерлеріндегі аумақтық емханаларда екпе тегін жасалады. «КВИ сырқаты бойынша эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, тәуекел тобындағы жандарды толық қамту үшін ЖРВИ мен тұмауға қарсы 300 мың дозалық екпені қосымша сатып алу туралы шешім қабылданды», – деп хабарлады Б. Сағынтаев және тұрғындарға екпеге қатысты көзқарасты өзгерту керектігін атап өтті.

Бұл сырқаттарға қарсы пәрменді тетік болып табылады. Тұмау вирусы жыл сайын өзгеріске ұшырайды, сондықтан эпидемиялық маусым алдында – қазан және қараша айларында тұмауға қарсы екпені алу қажет. Екпеден соң иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және маусым бойына, 1 жылға дейін сақталады.