Сайлау бойынша сауалнама жүргізгендерге айыппұл салынады

0
2 860

Жеке тұлғалардың сауалнама жүргізетін құқығы жоқ. Бірақ жекелеген БАҚ-тардың мұндай сауалнама жүргізетіні байқалады.


Сайлау бойынша сауалнама жүргізгендерге айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Алдағы президенттік сайлауға байланысты қоғамдық пікір сауалнамасын тек кемінде бес жыл жұмыс істеген заңды тұлғалар ғана өз жұмысы туралы ОСК-на алдын-ала ескерту арқылы өткізе алады. Қалған сауалнаманың бәрі заң бұзушылық болып саналады. Бұл туралы 8 мамырда ОСК отырысында ҚР бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев мәлім етті, деп жазады Zakon.kz.

"Сауалнама жүргізу құқығы тек заңды тұлғаларға берілген, жеке тұлғалардың мұндай құқығы жоқ. Бірақ жекелеген БАҚ-тардың мұндай сауалнама жүргізетіні байқалады. Олар бойынша да әкімшілік жауапқа тарту мәселесі қарастырылатын болды, – деген Дембаев мысал ретінде сауалнама жариялаған басылымдардың бірін көрсетті.

Нәтижесінде басылым иесіне қарсы әкімшілік іс қозғалған.