Сайрагүлдің соттағы жеңісі Қытаймен қатынасқа салқынын тигізбейді

0
1 112

Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкелік билігі 625 этникалық қазаққа Қазақстанға баруға шектеу қойған


Сайрагүлдің соттағы жеңісі Қытаймен қатынасқа салқынын тигізбейді

Фото: ашық дерекөзден

ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайдағы қазақтар мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

- Барлық мәселе құқықтық негізде шешіледі. Екі елдің қарым-қатынасына ешқандай салқынын тигізбейді. Қазір Қазақстан үкіметі Шыңжаң ұйғыр автномиялық билігі 625 этникалық қазақ үшін Қазақстанға шығуға қойған шектеуді жою мәселесін қарастыруда. 2018 жылғы 7 тамыздағы мәліметке сәйкес, Қазақстанның шетелдік мекемелері мен сыртқы істер министрлігіне жүгінген, Қазақстанға уақытша шығуға шектеу қойылған 19 азаматтың 15-і босатылды. Сондай-ақ қос азаматтық үшін ұсталған барлық 12 адам босатылды, деді Әбдірахманов.

Оның айтуынша, Шыңжаң ұйғыр автономиялық билігі 625 этникалық қазаққа Қазақстанға баруға шектеу қойған.

Министр ведомствоға Қытайдан көшіп келген және үнемі Қазақстанда тұратын этникалық қазақтардан бірнеше мәселе бойынша өтінімдер түсіп жатқанын айтты.