Сахнада өзін бейәдеп ұстаған әншілерге салынатын айыппұл көбейеді

0
1 110

Бұған дейін «Ирина Кайратовна» тобы мен Shiza лақап атты әнші концерт кезіндегі бейәдеп әрекеттері үшін көрермендер тарапынан сынға қалған болатын.


Сахнада өзін бейәдеп ұстаған әншілерге салынатын айыппұл көбейеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы мәжіліс кулуарында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Кулуарда журналистер министрден «Ирина Кайратовна тобы секілді сахнада өзін сахнада өздерін бейәдеп ұстаған әншілерге қарсы жауапкершілік күшейе ме?» деп сұрады.

«ИК тобы айыппұл төледі. Дәл қазір ары қарай не істейтінімізді талқылап жатырмыз. Жақын арада жариялаймыз. Айыппұл төлеуді, ұйымдастырушыларға қатысты қандай да бір шара қабылдау мәселелері пысықталып жатыр», - деді Дәурен Абаев.

Еске сала кетсек бұған дейін «Ирина Кайратовна» тобы мен Shiza лақап атты әнші концерт кезіндегі бейәдеп әрекеттері үшін көрермендер тарапынан сынға қалған болатын.