Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыда түрлі сала өкілдерімен жүздесті

0
445

Жиынға халықтың әртүрлі әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар да қатысты.


Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыда түрлі сала өкілдерімен жүздесті

Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыда кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова Қарағанды қаласында құқық қорғаушылармен, заңгерлермен, магистранттармен, сарапшылармен, құқық қорғау және сот жүйесін реформалауға, мүгедектердің, сотталғандардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ олардың мүдделерін қорғауға атсалысып жүрген түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Жиынға халықтың әртүрлі әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар да қатысты.


Салтанат Тұрсынбекова өзінің сайлауалды бағдарламасында 1-2 топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларды бағып отырған азаматтардың зейнеткерлік жасын 58-ге дейін қысқартуды, ең төменгі жалақы мен күнкөріс деңгейін (зейнетақы жинақтары, жәрдемақылар және шәкіртақы) арттыруды енгізгенін айтты. Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тиімді шараларды қабылдау сынды маңызды жұмыстар да бар.