Салтанат Тұрсынбекова қарағандылық құқық қорғаушыларымен кездесті

0
454

Ол өзінің құқық қорғау қызметімен бес жылдан бері айналысып келе жатқанын атап өтті.


Салтанат Тұрсынбекова қарағандылық құқық қорғаушыларымен кездесті

Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыдағы құқық қорғаушыларымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыда құқық қорғаушылармен кездесіп, пікір алмасты.


«Мен қандай қызмет атқарсам да, Президент болсам да, болмасам да, өз бағдарламамның аясында жұмыс істей беремін! Мен толығымен ашықпын және қол жетімдімін. Маған жеке номеріме жазсаңыздар болады. Қай кезде де сіздермен біргемін, бұл жай сөз емес. Сынап та көріңіз. Елімізде құқық қорғаушылардың істеп жүргені – ерлік: мүмкіндігі шектеулі жандарға, ерекше күтімді қажет ететін балаларға, қарттарға қамқорлық жасау – үлкен шыдамдылық пен жігерді қажет ететін қиын жұмыс. Сондықтан менің сайлауалды бағдарламамда азаматтық қоғамды, азаматтық сектор институттарын дамытуға көп көңіл бөлінген», - деді Салтанат Тұрсынбекова.


Ол өзінің құқық қорғау қызметімен бес жылдан бері айналысып келе жатқанын атап өтті. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қазақстандық әйелдердің мүддесін белсенді түрде қорғайды. Сондықтан ол құқық қорғаушылардың өздерін де, олар қорғайтын адамдарды да не алаңдатып отырғанын жақсы түсінеді.