Салтанат Тұрсынбекова көкшетаулық дәрігерлермен кездесті

0
536

«Дәрігерлер өз көлеңкесінен қорықпауы керек».


Салтанат Тұрсынбекова көкшетаулық дәрігерлермен кездесті

Салтанат Тұрсынбекова дәрігерлердің қателігін қылмыстық жауапкершіліктен айыруға шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Көкшетауда Салтанат Тұрсынбекова көпсалалы облыстық аурухананың дәрігерлерімен кездесіп, мамандарды толғандыратын жайттарды тыңдап, олардың мұң-мұқтаждары мен мәселелерін талқылады. Жиынға бөлім басшылары, хирургтар, медбикелер және басқа да қызметкерлер қатысты. Мамандар жұмыс орнындағы қателіктер үшін дәрігерлердің жауапкершілігі туралы мәселені көтерді. Құқық қорғаушы дәрігерлерді қолдады.


«Дәрігер – науқас жандардың тағдыры мен өмірін шешетін ерекше мамандық. Дәрігерлер өздерін сотқа бермеу үшін өздерінің көлеңкесінен қорықпай, тәуекелдерге бара білуі тиіс. Операцияның күрделілігіне қарай, кейде кәсіби тәуекелдерге баруға тура келеді, біз соны түсінуіміз керек. Медициналық ортада біртүрлі жағдай қалыптасты: әсіресе хирург, акушер-гинеколог, анестезиолог маманддар өздерінің кәсіптерін тастап кете бастады. Тіпті кейбіреулері елден кетіп, қай елден көбірек алғыс алуға болатынын іздейді. Сондықтан медициналық қателіктің салдарынан денсаулыққа қасақана зиян келтіру мәселесін қылмыстық жауапкершіліктен босату керек», – деді Салтанат Тұрсынбекова.


Кандидат елімізде дәрігерлердің мәртебесін көтеру керектігін де баса айтты.


«Дәрігерлердің әлеуметтік құқықтары қаншалықты қорғалған? Бүгінгі күні медицина қызметкерінің, дәрігердің, медбикенің әлеуметтік жағдайы жеткілікті ме? Дәрігерлеріміз лайықты өмір сүріп жатыр деп айта аламыз ба? Дәрігерлердің әлеуметтік мәртебесін көтеру керек деп есептеймін. Пандемияға дейін де дәрігерлердің мәртебесі туралы заң жобасы әзірленіп жатқан болатын. Бірақ әлі де кемшіліктер бар. Жағдайды өзгертіп, тиісті заңнаманы қабылдайтын уақыт жетті», - деді ол.