Салтанат Тұрсынбекова Шымкенттегі тігін фабрикасының ұжымымен кездесті

0
493

Жұмыс істейтін әйелдердің өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келетінін жеткізді.


Салтанат Тұрсынбекова Шымкенттегі тігін фабрикасының ұжымымен кездесті

Салтанат Тұрсынбекова Шымкент қаласында тігін фабрикасының 250 жұмысшысымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова бір мезгілде ақша тауып, бала өсіріп, салт-дәстүрді сақтап, ірі кәсіпорынның жүгін көтеріп жүрген әйелдерді мақтан тұтатынын атап өтті.


«Гауһар» – оңтүстіктегі жеңіл өнеркәсіптің флагманы. Мұнда жұмыс киімі, мектеп формасы мен тоқыма бұйымдары әдемі, тиімді және ыңғайлы бағада тігіледі.«Қазақстанда жасалған» деп мақтанышпен айта алатын өнімнің қалай жасалып жатқанын көру қуантады. Осындай ірі әрі танымал кәсіпорынды әйел адам басқарып отырғаны, тіпті үлкен қуаныш. Көпшілік әйелдің табысты көшбасшы бола алатынына сенбейді. Бірақ мен сенемін және білемін: әйелдің қолынан бәрі келеді: зауытты да, үлкен ұжымдарды да, тіпті бүкіл елді де басқара алады. Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді», - деді ол.


Кәсіпорын басшысы Әнипа Халбаева кәсіпорын салығының көптігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, тұрақсыз сала және арнайы оқу орындарының аздығы сияқты мәселелерге тоқталды. Кейін ашық әңгіме барысында тігіншілер өз ұсыныстары мен сауалдарын ортаға салды. Әйелдер қазақстандықтардың табыс теңсіздігіне қалай алаңдайтыны туралы айтты.


Салтанат Тұрсынбекова жұмыс істейтін әйелдердің өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келетінін жеткізді.


Кездесуде көпбалалы және қиын өмірлік жағдайдағы отбасылардың қарыздарын есептен шығару, толық емес отбасылардың мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекіту, жас отбасыларға ипотека алу кезіндегі жәрдемақылар мен субсидияларды енгізу және т.б. ұсыныстар айтылды.