Қайтыс болған жандардың отбасыларына жергілікті билік тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетін болады.
ERNUR.KZ. 16 қараша күні кешкі 19.00 шамасында Қызылорда қаласынан 130 шақырым жерде «Самара-Шымкент» тасжолында 2 жолаушылар автобусы соқтығысты, деп жазады Baq.kz.
«Қазалы-Қызылорда» мен «Қызылорда-Қармақшы» бағытындағы 2 автобуста барлығы 86 адам болған. Әртүрлі дәрежедегі жарақат алған 43 жолаушы Қармақшы аудандық ауруханасына, 6 адам Жалағаш ауданының орталық ауруханасына, 5 адам облыстық медицина орталыққа жеткізілді. Қалған 30 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емдеу шаралары тағайындалды. Апат орнында 2 адам қайтыс болды және ауыр жарақат салдарынан ауруханада бір бала көз жұмды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған жандардың отбасыларына жергілікті билік тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетін болады.