​«Самұрық Қазына» 821 млрд теңге таза пайда тапты

0
1 760

Ал операциялық кіріс 1 трлн теңгеден асты.


​«Самұрық Қазына» 821 млрд теңге таза пайда тапты

ERNUR.KZ. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Ахметжан Есімов өткен жылы компания 821 млрд теңге таза пайда тапқанын мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

Алдымен ол «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ еншілес компаниялардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтіп, бұл қор тобындағы қарызды 1 трлн теңгеге қысқартуға мүмкіндік бергенін жеткізді.

«Сыртқы қарыздың мөлшері 3,2 млрд долларға ( 18,5 доллардан 15,3 долларға дейін) қысқарды. Мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздың мөлшері 331 млрд теңгеден 66 млрд теңгеге дейін немесе 80%-ке азайды», - деді Ахметжан Есімов өткен жылды қорытындылауға арналған отырыста.

Сонымен қатар төраға 2018 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша өсімге қол жеткізгенін айтты.

«Негізгі қызмет көзінен түсетін табыс өткен жылғыдай 31%-ке өсіп, 8,3 трлн теңгені құрады. Таза табыс 37%-ке немесе 821 млрд теңгеге өсті. Ал операциялық кіріс 1 трлн теңгеден асты», - деп түйіндеді сөзін ол.