"Самұрық-Қазына" инвестициялық холдингке айналады

0
1 017

Ұлттық әл-ауқат қоры портфельді компаниялардағы үлесін азайта түспекші.


ERNUR.KZ. «Самұрық-Қазына» қоры портфельді компанияларды басқару тәсілін Сингапур мен Малайзия холдингтерінің тәсіліне сәйкестендірмек. Бұл туралы қордың стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Боранқұлова айтты, деп жазады inbusiness.kz.


«Портфельдерді белсенді басқару және инвестициялық холдинг моделіне өту «Самұрық-Қазына» үшін дамудың келесі кезеңі болмақ. Портфельдердің сапасын жетілдіру үшін өзге дербес қорлардың портфель сапасымен салыстыру ақылға қонымдырақ. Бақылау үлесі «Самұрық-Қазынаға» тиесілі компаниялардың жалпы активтегі үлесі 98 пайызды құрайды. Temasek, Khazanah Nasional сияқты қорларда бұл көрсеткіш 27 және 8 пайыз. Иеліктегі активтердің бақылау үлесін азайту портфельді басқару тәсілін өзгертеді. Осылайша біздің зейініміз портфельді компаниялардың операциялық мәселелерінен инвестициялық тиімділікпен басқаруға ауады. Үкімет бастамашы болған жекешелендіру бағдарламасын орындау аясында «Қазақтелеком» мен «Air Astana»-ның 10 пайызы сатылымға шығады. Осының нәтижесінде компаниялардың бақылау акциялары жеке инвесторлардың жағында болады. Дәл осындай принциппен «Самұрық Энерго», «Қазпошта», Qazaq Air компанияларының акцияларын сату мүмкіндігі қарастырылып жатыр. «Самұрық-Қазынаның» өз дивестициялық бағдарламасы қажет болған жағдайда аталмыш портфельді компаниялардың қалған үлестерін де сатуға мүмкіндік береді. Бұл жерде әл-ауқат қоры бақылау үлесін өзінде қалдыратын стратегиялық активтерден басқа активтер туралы айтып отырмыз»,–деді Ләззат Боранқұлова.