Сөйтіп Санжар Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.
ERNUR.KZ. Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай жеңімпаз атанды, деп жазады inform.kz.
С.Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта грузиялық Сахил Алахвердобимен алтын жүлдені сарапқа салды.
Бірінші раундта төрешілер түгелдей С.Тәшкенбай басым деп тапты. Екінші кезеңде Санжар сол басымдылығын сақтап қалды. Қорытынды есеп – 5:0.
Сөйтіп Санжар Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.
2021 жылы Белградта осы салмақта қазақстандық Теміртас Жүсіпов үздік шыққан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бүгін Ташкентте Санжар Тәшкенбай мен Дулат Бекбауовтың алтынға таласатынын жазған едік.